Осыдан он шақты жыл бұрын адамдар тек қағаз ақшаны тұтынды. Бүгінгідей банк қосымшасы арқылы аударма, төлем жасау дегеннен мүлде бейхабар болатын. Уақыт өте келе қоғам цифрланып, қазіргі деңгейге жеттік. Бұрынғыдай басқа қалада оқып жатқан баласына ақшасын шүберекке түйіп немесе киіміне тігіп беріп беріп жіберетін заман жоқ. Ондайды бүгінгі ұрпақ түсінбеуі де мүмкін. Сол сияқты әлем цифрлануға қадам басқан сайын, бұрын-соңды ой- ламаған жаңалықтар ашыла берері сөзсіз. Соның бірқатарын қазірде көріп жүрміз. Мысалы қазір криптовалюталар айналымға еніп келеді. «Естімеген елде көп» дегендей бұдан кейбір егде жастағылар хабарсыз болуы мүмкін. Сонымен нақты түсіндірсек. Криптовалютаны көбіне майнинг деп атайды. Яғни бұл – көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын электронды ақшалар. Оны тек смартфон немесе компьютер көмегімен бақылап, жұмсай аласыз. Әлемде майнингтің 6000-нан астам түрі бар екен. Соның ішінде бірінші шыққаны – Bitcoin (биткоин). Одан кейінгі ең танымалдары – «Ethereum», «Ripple», «Bitcoin Cash», «Litecoin», «Dash».
Биткоинды қолданудан дүниежүзінде көш басында тұрмыз. Яғни, АҚШ-тан кейінгі екінші орын бізде. Ия, ия, әшейінде жаңа технолоияларға дереу құштарлық танытып, қозғала қоймайтын қазақстандықтар биткоинды бірден қабылдады. Көршілес қытай елі майнингке біржолата тыйым салғаннан кейін ондағылар біздің елімізге ағылып, майнингтің қыр-сырын қазақстандықтарға түсіндіре бастады. Осы сәт жапа-тармағай ақшасы барлар өз қаржыларын биткоинға алмастырды.
Жалпылама түсіндіргенде майнинг компьютер арқылы өндіріледі. Майнерлер, яғни майнингпен айналысушылар көбіне Блокчейн технологиясы арқылы жұмыс істейді. Блокчейн дегеніміз – кез келген операцияларды белгілі блоктарға бөліп, пайда табу. Алғашында компьютерлік есептерді шешу арқылы майниг жинау оңай еді. Кейіннен майнерлер саны көбейгендіктен бұл үдеріс күрделене түсті. Қазіргі таңда майнингпен ай- налысу үшін мықты компьютер мен процессор қажет. 2016 жылға дейін әр он минутта 25 биткоин өндірілсе, 2016 жылдан 2020-ға дейін 12,5 биткоин, 2020-дан бастап 6,25 биткоин өндірілген. 2024 жылы бұл көрсеткіш біршама азаяды деп отыр. Яғни, бұл жылдары барлық компьютерлік есептер шешіліп бітеді. Дегенмен, бұдан майнинг құнын жоғалтпайды. Ол тұс оның бағасы тіптен шарықтап кетеді деп күтілуде.
Биткоинмен біраздан бері айналысып жүрген жан- дардың бірі – Нұрсұлтан Әмре. Өзіме таныс емес дүниенің анық-қанығын сұрап білу үшін оны сөзге тарттым.
– Біздің менталитет әлі де майнинг деген нәрсеге аса дайын емес. Дегенмен, жастар арасында майнингпен айналысушылар саны артып келеді. Қысқаша түсіндіргенде, биткоин дегеніміз – шетел валюталары секілді. Тек ол – вертуальды әлемдегі ақша. Мысалы, алғашында биткоин бағасы 4 доллар ғана тұратын. Қазіргі күнде 45 299, 84 долларды құрап отыр. Бұл дегенің – бір биткоин теңгемен 21 178 897, 74 сома- ны құрайды деген сөз. Бұл қаншама ақша. Мен биткоинмен айналыса бастағанда бүгінгіден әлдеқайда аз тұғын. Биткоин құны жыл сайын артуда. Теңге құлдырағанда долларға алмастырып аламыз ғой. Бұл да сол сияқты. Тек электронды түрде. Нарыққа байланысты биткоин бағасы да біресе азайып, біресе көбейіп тұрады. Көбіне білікті майнерлер биткоин құлдырағанда сатып алып, көбейгенде долларға айналдырып алады. Қазірдің өзінде әлем елдерінің біразы төлемді майни- гпен қабылдауға көшіп келеді. Қазақстанда биткоинды Алматы қаласындағы екі жерде ғана қолданады. Сол арқылы ішім-жем тамағыңды төлей аласың. Меніңше, болашақта қазіргідей болмайды. Әлем халқының бар- лығы дерлік виртуальды ақшаны қолданысқа енгізеді. Біз бірте-бірте соған келе жатырмыз. Сол себепті майнингтен қашудың қажеті жоқ, – деген ол тек майнер атын жамылып, алаяқтық жасайтындардан сақ болуға, нақты жіті тексермей басты бәйгеге тікпеуге шақырды.
Майнинг жасау үшін көп көлемде электр энергиясы қажет. Жүздеген құрылғыдан тұратын майнинг өндірісі үшін тоқ қуаты – шығынның шығыны. Осы тұста жыл басынан бері заңсыз түрде электр энергиясына жауапты мамандарымен ауыз жаласып, жасырын түрде майнинг өндіріп жатқандарды көріп жүрміз. Елімізде майнингке тыйым салынбағанымен, Мемлекет басшысы заңды белшесінен басып, бармақ басты, көз қыстылыққа салынғандардың жолын кесуге тапсырма берді.
Жаңашылдықтан қашпақ емеспіз. Қай кезде де заман көшіне дер кезінде ілесе білу аса маңызды. Дей тұрғанмен, оңай олжа қыламыз деп опық жеп қалмасақ болды...
Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН