Қарағанды облысында үлгілі отбасы таңдалады

Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық және қалалық кезеңдері жарияланады, оның аясында ең үлгілі отбасы таңдалады.

Аталған кезеңге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусым аралығында, өңірлік комиссиялардың отырыстары ағымдағы жылғы 15-30 маусым аралығында өтеді.

Бұл кезеңде 1-15 шілде аралығында жоспарланған облыстық кезеңде іріктеуден өтетін 2 отбасы таңдалады.

Облыстық кезеңнен кейін комиссия «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты болатын бір отбасын таңдайды.

Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысатын отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінде 2022 жылдың 14 маусымына дейін қабылданады.

Жезқазған қаласының әкімдігі, 307 кабинет.

Байланыс телефондары: 73-49-63, 73-50-76, 8-777-315-25-25 (Жумагулова Асем)

11:31
1573

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020