Қалалық әкімдікте«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдерімен ашық диалог өтті. Оған өңір меценаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуді ашқан облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған қордың халықтың мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдау, қайырымдылық жобаларын жүзеге асырудағы маңыздылығын атап өтті.
Мұнан соңсөз алған аталмыш қор төрағасы Болат Жәмішев осыған дейін атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, қордың алдағыжоспарларына тоқталды.
Оның айтуынша, қыркүйек айында мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ҮЕҰ, бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуыменҚор қызметінің нысаналы бағыттарын айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық конференция өткізу жоспарда тұр. Онда қордың жаңа тұжырымдамасы және қайырымдылық бағдарламалары мен жобалары қабылданады.
Сондай-ақ, «Қазақстанхалқына» қорыныңқолдауыменҰлытауоблысыаумағында да бірқатарқолдаушараларыалға қойылған. Оның ішінде«Ауылдықжерлердетірекмектептердіңәлеуетіндамыту» жобасыаясында 425 оқушыбілімалатын«Ұлытау № 1 орта мектебібазасындағыТірекмектебі» КММ жабдықтау (жобаныңбюджеті: 250 млн. теңгегедейін), Ө. БайқоңыроватындағыЖезқазғануниверситетіндебілімалуүшін 3 білімгрантын (стипендиясымен) тағайындау (2022 жылыуниверситеттеоқуғаарналған бюджет – 3 млн. теңге. Стипендия – 1,56 млн. теңгегедейін), тамырпатологиясы бар балаларғамедициналықкөмеккөрсету (бүгінгітаңда 2 өтінімқабылданып, ЖезқазғанқаласыжәнеЖайремкентінен 2015 және2018 жылғыекібалағатағайындалды), ЖезқазғанқаласыныңТалапкентінде, ҰлытауауданыныңЖездікентінде спорт залдарынжабдықтау (жобақұнысәйкесінше 7 813 588 тгжәне 8 258 188 тг), Жезқазғанкөпсалалыауруханасынаофтальмологиялықскрининг және шала туғаннәрестелердіңретинопатиясынемдеуүшінжабдықтарсатыпалусындыжобаларжоспарланған.
Кездесуге жиналғандар тарапынан түскен сұрақтар мен ұсыныстарға «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Бидахметұлы жауап беріп, жұмыс барысын түсіндіріп өтті. Соңында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен қор төрағасы Болат Жәмішев әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Жаннұр Төлендіқызы