Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен 2023 жылғы 23 ақпанда Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде «Ұлытау облысының рухани дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, қоғам қайраткері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, шығыстанушы Төреәлі Қыдыр, тарихшы, Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музей директоры Кенжал Балкенов баяндама жасады.
Конференция аясында Жезқазған, Сәтбаев қалаларында тағы басқа бірқатар рухани-танымдық іс-шаралар жоспарланған.