МӘМС жүйесі енгізілгелі бері 18 жасқа дейінгі балалармен ересектергеамбулаториялықдеңгейдеберілетінтегіндәрі-дәрмектің тізбесі кеңейтілді. Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде МӘМС жүйесі шеңберінде 72 ауру бойынша пациенттер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 түрімен қамтамасыз етіледі.
Бүгін біз суқараңғы (глаукома)ауруы кезінде тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектер туралы айтамыз. Неге десеңіздер, пациенттердің көбісі осы офтальмологиялық ауру кезінде көз тамшыларын тегін алуға құқылы екенін біле бермейді.Диспансерлік есепте тұратын сақтандырылған ересектерге глаукоманы емдеу үшін«Тимолол» және «Латанопрост»белсенді заты бар көз тамшылары қарастырылған.
Тегін дәрі-дәрмектерді алу үшін пациенттеркелесідей қадамдар жасауы қажет.
1) Пациентте «глаукома» диагнозы расталған және дәрі-дәрмектер тағайындалған офтальмолог-маманның (ақылы немесе тегін) қабылдауынан өткені туралы анықтама болуышарт. Содан кейін ол өзінің учаскелік дәрігеріне консультацияданөткенін хабарлауға міндетті. Офтальмологтың тағайындауы мен анықтамасы бір жылға жарамдыекенін ұмытпаған жөн.
2)Дәріханада жазып берген дәрі-дәрмектердің болуын нақтылап алған жөн. Егер бос препарат болса (басқа емделушіге арналмаған), тегін рецепт жазылады және дәріхана оған дәрі-дәрмек береді. Дәрі болмаған жағдайда медициналық мекеме «СК-фармация» ЖШС-не өтінім беріп, емделушіге дәріханаға дәрі түскен кезде хабарласады.
Әрбір тегін дәріхана дәрі-дәрмектерді бір жыл бұрын жеткізуді жоспарлайды.Ауруы жаңадан анықталған пациенттерді қамтамасыз ету үшін дәріхана өтініштердің түсуіне қарайқосымша тапсырыс береді.
Естеріңізге сала кетейік, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы"№ ҚР ДСМ-75 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізімімен Қордың ресми сайтыfms.kz немесе adilet.zan.kz сайтында кеңірек танысуға болады.
Жыл басынан бері Ұлытау облысында 595 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдаржеткізіліп, жалпы құны 185 млн теңге болатын дәрі-дәрмек бүгінде қажеттілігі бар емделушілерге үйлестірілген.
Өз тілшіміз