Е ліміздегі басты саяси науқан мәресіне жетті. Бұған дейін 7 рет шақырылған Парламент Мәжілісі тарихында алғаш рет 6 партия өкілі заң шығарушы органның 69 мандатына ие болды. Мұнан бөлек, ұзақ жылдық үзілістен кейін бір мандаттық округтер бойынша 29 депутат сайланды.
Сонымен 19 наурыз күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауға елімізде ресми тіркелген 7 партияның барлығы қатысты. Олардың ішінде тек «Байтақ» партиясы ғана шекті 5 пайыздық межеден аса алмады. Ал Amanat партиясы сайлаушылардың – 53,90, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90, Respublica партиясы – 8,59, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41, Қазақстан халық партиясы – 6,8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,20 пайыз дауысын жинады. Осылайша, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Amanat партиясына – 40 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат, Respublica партиясы – 6 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат, Қазақстан халық партиясы – 5 мандат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 4 мандат бұйырды.
Кеше-бүгін аталған саяси партиялар өз іштерінде сайлауға қатысқан қандидаттар арасында мандаттарды бөлді. Соған орай «Amanat»-тың партиялық тізімі арқылы Мәжілістен мандат алған депутаттардың тізімі мынандай:
1. Абдиев Ерлан Тұрсынбайұлы
2. Авершин Константин Викторович
3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
5. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы
6. Әшімбетов Нұржан Кемерұлы
7. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
8. Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы
9. Бәшімов Марат Советұлы
10. Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы
11. Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы
12. Дементьева Наталья Григорьевна
13. Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы
14. Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы
15. Заитов Ринат Рифхатұлы
16. Имашева Снежанна Валерьевна
17. Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы
18. Казанцев Павел Олегович
19. Керімбек Болат Бақбергенұлы
20. Колода Дмитрий Владимирович
21. Қошанов Ерлан Жақанұлы
22. Құспан Айгүл Сайфоллақызы
23. Кучинская Юлия Владимировна
24. Мұсабаев Самат Базарбайұлы
25. Нұртаза Самат Русланұлы
26. Пономарев Сергей Михайлович
27. Рау Альберт Павлович
28. Рожин Максим Николаевич
29. Савельева Татьяна Михайловна
30. Саиров Ерлан Бияхметұлы
31. Сарым Айдос Әміроллаұлы
32. Сарсенғалиев Нартай Аралбайұлы
33. Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы
34. Смышляева Екатерина Васильевна
35. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы
36. Тәкиев Мәди Төкешұлы
37. Толықбай Мақсат Мәлікұлы
38. Тұрганов Дүйсенбай Нұрбайұлы
39. Шапақ Үнзила Шапаққызы
40. Шаталов Никита Сергеевич
«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске енген депуттардың тізімі:
1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы
2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
3. Абден Қарақат Жақсылыққызы
4. Баққожаев Анас Ахатұлы
5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы
6. Арсютин Николай Геннадьевич
7. Зейнуллин Аян Талғатұлы
8. Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы
Respublica партиясының атынан Мәжіліске енген депутаттардың тізімі:
1. Айдарбек Қожаназаров
2. Динара Шүкіжанова
3. Руслан Берденов
4. Динара Наумова
5. Нұргүл Тау
6. Олжас Құспеков
«Ақ жол» демократиялық партиясының атынан Мәжіліске енген депуттардың тізімі:
1. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы
2. Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы
3. Еспаева Дания Мәдиқызы
4. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы
5. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
6. Садықов Асқар Аманбайұлы
Қазақстан Халық партиясының атынан Мәжіліске енген депуттардың тізімі:
1. Магеррам Магеррамов
2. Ирина Смирнова
3. Гаухар Танашева
4. Кенжеғұл Сейтжан
5. Ислам Сұңқар
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан Мәжіліске енген депуттардың тізімі:
1. Нұрлан Әуесбаев
2. Асхат Рахымжанов
3. Ажар Сағандықова
4. Наурыз Сайлаубай
ОСК шығарған түпкілікті қорытындыға сай, бір мандатты округтер бойынша мына кандидаттар Мәжіліс депутаты болып сайланды:
1. Астана қаласы №1 сайлау округі бойынша Дәулет Тұрлыханов 71 698 дауыс;
2. Астана қаласы №2 сайлау округі бойынша Дәулет Мұқаев 51 769 дауыс;
3. Алматы қаласы №3 сайлау округі бойынша Ермұрат Бапи 23 690 дауыс;
4. Алматы қаласы №4 сайлау округі бойынша Ерлан Стамбеков 15 930 дауыс;
5. Алматы қаласы №5 сайлау округі бойынша Бақытжан Базарбек 22 685 дауыс;
6. Шымкент қаласы №6 сайлау округі бойынша Данабек Исабеков 21 098 дауыс;
7. Шымкент қаласы №7 сайлау округі бойынша Болатбек Нәжметдинұлы 19 851 дауыс;
8. Абай облысындағы №8 сайлау округі бойынша Нұртай Сабильянов 131 872 дауыс;
9. Ақмола облысындағы №9 сайлау округі бойынша Айна Мысырәлімова 154 587 дауыс;
10. Ақтөбе облысындағы №10 сайлау округі бойынша Қазыбек Әбішев 238 195 дауыс;
11. Алматы облысындағы №11 сайлау округі бойынша Ардақ Назаров 122 242 дауыс;
12. Алматы облысындағы №12 сайлау округі бойынша Данияр Қасқарауов 153 225 дауыс;
13. Атырау облысындағы №13 сайлау округі бойынша Әділ Жұбанов 107 973 дауыс;
14. Батыс Қазақстан облысындағы №14 сайлау округі бойынша Абзал Құспан 126 784 дауыс;
15. Жамбыл облысындағы №15 сайлау округі бойынша Мұқаш Ескендіров 99 021 дауыс;
16. Жамбыл облысындағы №16 сайлау округі бойынша Гүлдара Нұрымова 190 078 дауыс;
17. Жетісу облысындағы №17 сайлау округі бойынша Руслан Қожасбаев 132 678 дауыс;
18. Қарағанды облысындағы №18 сайлау округі бойынша Құдайберген Бексұлтанов 132 471 дауыс;
19. Қарағанды облысындағы №19 сайлау округі бойынша Арман Қалықов 145 228 дауыс;
20. Қостанай облысындағы №20 сайлау округі бойынша Еркін Әбіл 181 175 дауыс;
21. Қызылорда облысындағы №21 сайлау округі бойынша Мархабат Жайымбетов 148 646 дауыс;
22. Маңғыстау облысындағы №22 сайлау округі бойынша Еділ Жаңбыршын 117 880 дауыс;
23. Павлодар облысындағы №23 сайлау округі бойынша Амантай Жарқынбек 168 625 дауыс;
24. Солтүстік Қазақстан облысындағы №24 сайлау округі бойынша Еркебұлан Мамбеков 153 736 дауыс;
25. Түркістан облысындағы №25 сайлау округі бойынша Қайрат Балабиев 142 595 дауыс;
26. Түркістан облысындағы №26 сайлау округі бойынша Ұласбек Сәдібеков 92 445 дауыс;
27. Түркістан облысындағы №27 сайлау округі бойынша Темір Қырықбаев 117 584 дауыс;
28. Ұлытау облысындағы №28 сайлау округі бойынша Ерболат Сатыбалдин 44 406 дауыс;
29. Шығыс Қазақстан облысындағы №29 сайлау округі бойынша Лұқбек Тұмашинов 165 596 дауыс жинады.
Айта кетейік, бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5 пайыздан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады. Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізген жоқ. Өйткені, олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлеуден босатылған.