Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болған ел. Ұрпағын қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеп қана қоймай, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын да сыйлауға үйрете білген дана халқымыз.Міне, осының нәтижесіндеТәуелсіздік алғалы 130-дан астам ұлт өкілі ел аумағында тату-тәтті өмір сүріп келеді.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.Татулық пен келісімді дәріптейтін бұл мейрамбиыл да дәстүрлі түрде атап өтілді. «Алғашқы құрылысшылар» алаңында өткен мерекелік шараға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары ҒалымжанҚұсманғали мен қала басшысы Қайрат Шайжанов тұрғындар мен қала қонақтарын мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.
«Қазіргі таңдаоблысымызда жиырмаға жуық түрлі этнос өкілдері ымыра-бірлікте тірлік кешіп жатыр. Олароблыс экономикасының түрлі салаларында жемісті еңбек етуде. Олардың тілек-мүддесі бір және жаңадан құрылған облысымыздың өркендеуі үшінжасап жатқан еңбектеріөлшеусіз. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, бірлігіміз мәңгі жасай берсін! Баршаңызды осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!» – деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Мұратұлы құттықтау сөзінде.
Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері, жергілікті өнерпаздар театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламалар арқылы өз өнерлерін ортаға салса, арнайы шақырылған өнер жұлдыздары – Ибрагим Ескендір мен Кенжебек Нұрдолдай(Mr. Kenjebek) жанды дауыста өнер көрсетіп, мерекенің көркін қыздыра түсті.
Елінің сүйіктісіне айналған әнші, кәсіпқой бокс шебері, өнер мен спортта да көк туымызды желбіретіп жүрген патриот азамат Ибрагим Ескендір «Біргеміз», «Көк тудың желбірегені», «Отан қымбат» әндерінорындаса, өз кезегінде әнші, сазгер Mr. Kenjebek«Керек емес», «Жаным», «Люблю тебя», «Шоколад» әндерін тамылжыта шырқады.
Мерекелік шаралар барысында Жезқазған қаласы шеберлерінің көрмелері, сауда жәрмеңкелері де жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қала тұрғындарының алғыстарына бөленді. Қатысушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық спортты жандандыру мақсатында өткізілген шарада арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату жарыстары өтіп, көптің көңілін көтерді.
Дана халқымызда«Бірлік болмай, тірлік болмас» деп бекер айтылмаған ғой. Ынтымағы жарасқан ел ғана гүлдене бермек, ендеше осындай алмағайып заманда татулықты ту еткен бағытымыздан әсте жаңылып қалмайық!