Көптеген ата-аналар терезелердің ашық қалуы баланың терезеден құлаптүрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алуына немесе баланың мерт болуына әкеліп соғатындығына аса назар аудармайды.
Ұлытау облысы төтеншежағдайлар
департаменті, балалардың ашық қалған терезелерден құлау оқиғаларынан қорғау мақсатында келесі іс-шаралар қағидаларын сақтауды ұсынады.
• пәтердегі терезелерді ашып бөлмені желдету кезінде баланы үнемі бақылауда ұстаңыз.
• барлық жиһаздарды, соның ішінде кереуеттерді терезелерден алыстатыңыз. Баланың терезеге кездейсоқ шығуына жол бермеңіз.
• ешқашан балаларға масаларға қарсы торларды қолданбаңыз, себебі балалар торларға сүйенеді және масаларға қарсы торлармен бірге терезеден құлайды!
• бала өздігінен терезені ашпау үшін бұғаттағышарды орнатыңыз!
• мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
• балаға терезенің айқара ашылуына мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер орнатыңыз.
• терезеге қорғау торларын қойыныз. Торлар балалардын ашық терезелерден құлауынан қорғайды.
• егер сізде дәл қазіргі уақытта бекіту және сақтандыру жабдықтарын орнату мүмкіндігі болмаса, сіз жай ғана терезелердің тұтқаларын алып қойғаныңыз жөн, қажет болған жағдайда орнатып аласыз.
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі