Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар қатыса алады.
									
									
										1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
									
									
										2) Бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
									
									
										Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
									
									
										1) Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
									
									
										2) Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
									
									
										3) Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
									
									
										4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;
									
									
										5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
									
									
										6) Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
									
									
										7) Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
									
									
										8) Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
									
									
										«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсына құжаттар 2023 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.
									
									
										Мекен-жайы: Жезқазған қаласы әкімдігінің ғимараты, 
									
									
										Ғарышкерлер көшесі, 39 а, 305 кабинет
									
									
										Тел: +7 747 129 1575