Биыл қаланың жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 3,1 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2,5 есе көп. Оның ішінде ұзындығы 11,2 км болатын 12 көшені орташа жөндеуге 1,4 млрд тг қарастырылған.
Жол жөндеу жұмыстары мамыр айында басталып 1 қазанға дейін жалғасады. Алайда, мердігерлер 31 наурызда-ақ жолдарды қырып, тегістеуге кірісті.
Қазіргі уақытта шұңқырларды жөндеу жұмыстары Жезқазғандағы орталық көшелерге жүргізілуде.
Мердігер — «Рокада» ЖШС.
Жол жөндеуге 2 бригада 9 техника жұмылдырылған. Көлік иелеріне қолайсыздық тудырмау үшін көшенің бір жақ бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт жамылғы төселген соң екінші бөлігіне кірісуде.