Отан қорғаушылар күні атап өтілді

Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде ҚР Қарулы Күштерінің мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті.

Мерекелік жиын басында ҚР Мемлекеттік Туы сахна төріне әкелініп, Мемлекеттік Гимн шырқалды.

Салтанатты кештің алғы сөзін алған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы тұрғындарды мерекемен құттықтап, ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Құттықтау хатыменҰлытау облысының Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы Ақылбек Амановты марапаттады.

Мерекелік лебізден кейін аймақ басшысыҚарулы күштер ардагеріне, Қорғаныс істері жөніндегі департамент, басқарма, бөлім қызметкерлеріне Ұлытау облысының Құрмет грамотасын және Алғыс хатын табыстады.

Айбынды армия және антына адал жауынгер – еліміздің тірегі, елдігіміздің кепілі. Мемлекеттіліктің мызғымас қамалы саналатын осы екеуі мығым болса, бейбіт аспан мен тұрақты даму қамтамасыз етіледі. Сондықтан сап түзеген сарбаздарымызға артылған міндеттің жүгі қашанда ауыр. Отан қорғау деген абыройлы міндетті арқалаған азаматтарымызға алғысымыз шексіз. Қазақстан әскері қалыптасудың күрделі жолынан өтіп, бүгінде тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепіліне айналды.

Мерекелік жиын Ұлытау облысының Қорғаныс істері департаментінің бастығы, Ұлытау гарнизонының бастығы Ерен Мейрембековтің құттықтауымен жалғасын тапты. Полковник Ерен Оқасұлы бірқатар әскери қызметкерді, Тәжік-Ауған шекарасы оқиғасының, Чернобыль оқиғасының ардагерлерін, Интернационалист-жауынгерді Ұлытау облысыныңҚорғаныс істері департаментінің грамотасымен марапаттады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышты өтеу. Осы қағиданы ту аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына Ұлытау облысынан шақырылған сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылып, Ұлытау облысы бойынша Қарулы Күштерінің Ардагерлері Кеңесінің төрағасы Марат Райымбеков жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

Облысымыздан аттанатын жас сарбаздар Приозерск қаласының әуе қорғаныс шабуылына қарсы 44841 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметті өтейтін болады.Отан қорғау деген абыройлы міндетті арқалаған азаматтарымыздың мәртебесі биіктей берсін!

Салтанатты кешжергілікті өнерпаздардыңконцерттік бағдарламасымен түйінделді.

Еркебұлан Егінбайұлы

18:51
198

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020