Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылған медициналық сақтандыру және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша барлық консультацияларды 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы ұсынады. Бүгінгі таңда консультацияларды 1406 нөмірі бойынша көрсетілуде.
Бұл шараны Қор халыққа консультациялық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және жоғалған қоңыраулар үлесін қысқарту үшін қабылдады.
Медициналық қызметтерді тұтынушылар күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-гедейін 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек ала алады, сондай-ақ өтініш бере алады немесе медициналық көмектің сапасына шағым қалдыра алады.