Жаксының жақсылығын айт... Тоқсейт - Балғабектің ата қонысы

Едіге тауының солтүстік жақ етегінде көлденең жатқан көк белестің үстінде ауданның айтулы шаруа қожалығының бірі Балғабек Мүтәлұлы Қаражоргиннің қыстағы бар. Бұл жер Тоқсейт деп аталад. Соңғы кездері «Балғабек қыстағы» деп те аталып жүр. Мұныңда қыйсыны қыйуласып тұр. Балғабектің әкесі Мүтәл Қаражоргин алғашқы шопан таяғын осы қыстақта ұстап, өмірінің соңына дейін осы жерден қоныс аудармай ширек ғасырдан астам, ақтылы қой өсірген Амангелді атыгндағы кеңшардың атақты шопандарының бірі болды. Мүтәл балаларын еңбекке тәрбйеледі «еңбек етсең қыйындықты да жеңсеің» деп отырады екен марқұм. Балалары әкесінің өсиетін есіне сақтап, өнеге етіп, іс тәжірибелерін бойына сіңіріп өсті. Жекешелендіру саясаты басталғанда Мүтәл Қаражоргин өзі алғаш рет шопан таяғын ұстағаннан бері құтты қонысына айналғын Тоқсейт қыстағын алып өзінің балаларымен шаруа қожалығын құрды. Жасынан мал шаруашылығымен айналысып, ыстық – суығын көріп, өзіне мол тәжірибе жинаған Мүтәлға жеке шаруа қожалығын дамыту көп қыиындық тудыра қойған жоқ. Бейнетсіз рахат жоқ екенін жасынан көріп көңіліне түйіп өскен М.Қаражоргин, қыйындықты жеңіп шаруаны жүргізудің жолын жақсы меңгерген. Ол өзінің бойындағы асыл қасиеттерін ұрпағының бойына сіңірді.

1990 жылдың аяғында айтулы азаматты сұм ажал алып кетті. Бірақ оның артында өшпейтін ізі, өлмейтін ісі, ұрпағына үлгі – өнегесі қалды.

Баласынң үлкені Балғабек Мүтәлұлы Қаражоргин әкесінің ісін жалғастырып, шаруашылығын шайқалтпай ұстап тұра қалды. Ол отарлап қой, ірі-қара, үйірлеп жықы өсіріп, шаруашылығын қарқынды дамытты. Қазір аудандағы алдынғы қатардағы шаруа қожалықтарының бірі ғана емес, бірегейі.

Халқымызда «қарақұс басып жейді, бүркіт шашып жейді» деген қанатты сөз бар. Иә, барын бауырына, тапқанын табанына басып, өзге түгілі өзіне қыймайтын, байлығы сарайында шіритін сараң байларда, даласындай дархан, кең пейіл, алдындағысын сырып беретін, аузындағысын жырып беретін, жаны жомарт, өз мүддесінен өзгенің мүддесін жоғары қоятын Балғабек сияқты азаматтарда бар.

Балғабек ауылдағы аз қамтамассыз етілген отбасыларына үнемі қол ұшын беріп тұрады. Алдында барғандардың мұқтажын өтеп, бетін қайтармайтын адамгершілігі асқақ үлкен жүректі азамат. Ол Амангелді ауылының орталығынан дүкен ашып халыққа сауда қызметін көрсетіп келеді. Дүкенде ауыл тұрғындарының қажетінің бәрі бар, бағасы да шарықтап тұрған жоқ. Мал азығын қажет ететіндерге, шөп түсіріп беру оның тұрақты назарында. Балғабектің ақылшы анасы, сенімді серігі, қажымайтын қайратты көмекшісі, асыл жары Майгүлі бар. Ұл-қыз өсіріп отырған шңырағынан шаттық шалқыған бақытты да үлгілі отбасы, Балғабек халықтң қалаулысы, отбасының тірегі, аулиетінң арқа сүйер аласармас асқар тауы.

Халқына адал қызмет етіп келе жатқан асыл азамат.

Мағзұмбек Машайықұлы

Ұлытау ауданының құрметті азаматы

Қазақстанның құрметті журналисі

12:50
140

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020