Қауіпсіз қала Сақтық шараларын ұмытпайық

Жаздың ыстық айлары да аяқталып келеді. Алайда, адамдар салқындау, демалу мақсатында көлге, өзенге тағы басқа су қоймаларына шомылуға барады. Міне, осы жерде бізге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек...

Қауіпсіздік ережелеріне салғарттық тек өздерінің ғана емес, балаларыңыз бен жақындарыңыздың да өміріне қауіп төндіретінін естен шығармаңыз. Соңғы жылдары елімізде кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің суға кету фактілері жиілегені байқалады.Мұндай өкінішті жағдайлар өз өңірімізде де орын алып отыр.

Осыған орай, қаламызда «Қауіпсіз қала» акциясы аясында тұрғындар көп баратын жағажай демалыс орындарында ескертпе үнпарақтары таратылып, жағажайлар маңынаескертпе тақтайшасы орнатылды.

Жалпы, «Қауіпсіз қала» акциясының өңірімізде жиі ұйымдастырылып тұрады. Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулалардың жарықтандырылуы, үй жағдайында газ балондарының дұрыс орналасуы, қозғалыс(мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолы), су айдындарындағы қауіпсіздік және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына рейд жұмыстарын жүргізу.

Қала көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға жасалған талдау көрсеткендей, негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы және су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі екені байқалады.

Енді санаулы күндерден кейін білім беру ошақтары өз шәкірттеріне есіктерін ашқара ашады. Оқушылар мектепке асығады. Міне, осы тұста да қауіпсіздік ережелеріне қатаң қараған жөн. Әсіресе жолдан өтер кезде арнайы жаяу жүргіншілер жолағымен жүрі, бағдаршамның жасыл көзі жанғанда ғана жүру, көшенің шарықтандырылмаған жерлерінде ойнамау сияқты қарапайым ережелерге мән берген абзал. Ал, мұны ата-аналар мен мұғалімдер әр кез ескертіп отырса нұр үстіне нұр болады.

Әрине, бұл кезде қаланың құқық қорғау орындары да қарап қалмасы анық. «Қауіпсіз қала» акциясы осы уақыттарда жиі жүргізілетін болады. Ал оған мектептер мен ата-аналар да ат салысқандары дұрыс.

Аманкелді Ақшал.

13:56
59

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020