Біздің сұхбат
Ізбасқан ҚҰТАНОВ,
Қаласы қорғаныс істер басқармасыныңтәрбие және идеологиялық жұмыс атқару бөлімшесінің бастығы:
Патриотизм тек әскерилерге ғана тән деу - қате түсінік
Әскер – мемлекеттің айбыны. Бетке ұстар айбары. Өрекпігеннің мысын басар қаруы. Халқының қорғаны, тәуелсіздіктің күзетшісі. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді.
Десек те, әскерден жалтару, Отан алдындағы міндетке салғырт қарау бүгінде белең алып бара жатқан сыңайлы ма? Бұл неге мәселеге айналды? Әлде патриоттық тәрбиені бізге қайта қарау керекпе?
Жезқазған қаласы қорғаныс істері басқармасыныңтәрбие және идеологиялық жұмыс атқару бөлімшесінің бастығы, майор Ізбасқан Құтановпен осы сауалдар төңірегінде ой бөліскен едік.
– Ассалаумағалейкум, Ізке. Естуімізше Ақтөбе өңірінен келген азамат екенсіз. Ендеше, әңгімені өзіңізден бастасақ. Өмір жолыңызбен қысқаша таныстыра кетсеңіз?
– Уағалейкумассалам. Иә, мен Ақтөбе обылысы, Шалқар ауданының тумасымын. 1979 жылы осы киелі топырақта дүниеге келген екеммін. Осы ауылда қазақ мектебін бітірдім. 1997 жылы Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте батыры, даңқты ұшқыш бабамыз Талғат Бигелдинов атындағы жоғарғы әскерй ұшқыштар учелишесіне оқуға түстім. 2001 жылы осы әскери оқу орнын ойдағыдай аяқтап, әскери қызметімді жолдамамен Қарағанды облысы, Балқаш қаласындағы 609-авиациялық базада бастадым. Содан бері өзімнің Отан алдындағы борышымды абыроймен атқарып келемін. Қабылдаған антыма сай елге қызмет етудемін.
Әрине, әскери өмірдің өзіне тән қиындықтары мен қызықтары бар. Өмірдің өзі күрес десек, әскер өмірдің жауапкершілігі өз алдына. Қойылған талаптар мен тапсырмалар ауқымды. Және ол уақытылы әрі ойдағыдай орындалуды талап етеді. Менің осы өңірге келуімнің өзі сол талап пен тамсырманың шеңбері. Нақтырақ айтсам – бұйрық. Ал, бұйрық еш талқылауға жатпайды.
– Адам үшін әрбір мамандық маңызды деп жатамыз ғой. Сіздің әскери мамандықты таңдауыңызға не түрткі болды?
– Өзім оқу бітірген күннен бастап әскери қызметке келдім. Содан бері жас буынға әскери қызметтің қыр-сырын ұқтыру, оларды қызықтыру мақсатында сан мәрте жастармен кездесулерге бардым. Біздің бала күнімізде де солай болатын. Ал енді, сіздің сауалыңызға келетін болсам, кешегі тоқсаныншы жылдардағы тоқыру, оңтайландыру саясаты елдің дамуына үлкен кедергі келтірді. Елде жұмыссыздық белең алды. Тәуелсіздігін кеше ғана алған жас Қазақ мемлекетіне қолдау, көмек керек болды. Оның екі-ақ жолы бар еді. Бірі, оқу оқып, қызмет ету, екіншісі үйленіп, отау қырып, қазақ елінің іргесін кеңейту.
Мен бірінші жолды таңдадым. Көшеде сандалып, бос жүрген замандастарымның қатарын көбейтпей, қайта елдің қорғаны болатын әскер мамандыққа баруға бел будым. Өйткені, Тәйуелсіз жас мемлекеттің қорғаныс қуаты ол кезде тым әлсіз еді. Сөйтіп, өзіміздің өңірдегі іргелі әскери оқуға құжаттарымды тапсырдым.
Жоғары әскери ұшқыштар учелищесіне оқуға түсу өте қиын еді. Оқуға түсу үшін біліміңмен білігіңнен басқа спортқа қабілетің, дене пішінің, денсаулығың талапқа сай болуы керек. Осы талаптар үрдісінен шыққаныма қатты қуандым. Әскер форма киу, әскер қатарында қызмет ету әр бір ез аматтың борышы, жас жеткіншектің арманы. Оның ішінде әскер ұшқыш болудың жөні бір басқа.
Сол кездегі жастар әскер қызметкерлерді өздеріне үлгі тұтатын, әскерден келген ағаларымызға қызығы қарайтынбыз. Соның нәтижесі шығар, әскер учелищеге ойланбастан барып, түстім. Оқуға түскеннен кейін алдымда Тәйклсіз Қазақ мемлекетніне адал да абыройлы қызмет етуді мақсат етіп қойдым. Сол үшін де оқуымды ойдағыдай оқып, диплом алып шықтым.
– Негізгі тақырыбымызға оралсақ. Жастарды әскерге тартуда қандай насихаттық жұмыстар жүргізесіздер?
– Бұл бағыттағы жұмыс сан алуан. Ең бастысы жастардың санасына Отан, елге қызмет, сыртқы ықтимал жаулардан қорғау сынды түсініктерді қалыптастыру қажет. Одан кейін, қазіргі қарулы күштердің жетістіктері, мүмкіндіктері әңгіме болады. Бұл бағытта жастармен кездесулер өткізіп, оларға осы аталған мәселелерді түсіндіреміз. Қорғаныс қуатының мүмкіндіктері мен стстусы, имиджі жайлы нақты айтып түсіндіреміз. Осы оарайда мен өз тәжірибеммен бөліскенді де жөн көріп отырмын. Мысала мен Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандырының бірлестірілген қорғаныс істері басқармасынан келіп отырмын. Менің ойымша балаларға мың рет айтқаннан бір рет көрсеткен анағұрлым тиімді. Әскер мамандықты таңдауда, әскер қатарына барып, отан қорғауға ынта-ықыласының оянуынаәсері мол. Жастар көздерімен көргенді тез қабылдайды. Әскери бөлімшелерге барып, өз өмірін әскери қызметпен байланыстырған замандастарының тұрмысын, тынысы тіпті қалай ұйықтап, қалай тамақтанатынын көрудің өзінің ісері мол. Біз Ақтөбеде осы тәсілді жиі қолданатынбыз. Осындай тәжірибелерді де өмірге енгізудің берері мол. Ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның тұяғы талатын кең байтақ қазақ жерін қорғау, елге қорған болу жастардың абыройлы борышы. Әрбір жеткіншек осыны жете түсінуі керек.
– Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге жастардың құлшынысы қалай?
– Өкінішке орай қазіргі жастардың әскер қатарына барып, қызмет етуге деген ынта-ықыласы, құлшынысы соншалықты жоғара деп айта алмаймын. Себебі, Отансүйгіштік, патриотизм деген қасиеттер адам бойында туа бітті қалыптасатын дүниелер. Ол әркімнің ойында болуы керек. Әрбір жас жеткіншек әскери комиссариятқа өз еркімен келіп, «мен өзімнің отан алдындағы міндетімді атқаруа келдім» деп ниет білдіруі керек. Сол сияқты, тәрбие деген ұғым бар. «Тәрбиесіз алған білім, адамзаттың қас жауы», дейді әл Фараби. Осы тұрғыдан келгенле, елін, жерін, отанын сүю деген ұғым ең әуелі отбасынан басталады деп ойлаймын. Содан кейін барып, яғни, бала мектеп қабырғасынан шыққаннан соң бқл мәселелердің бәрін түсіндіру әскери комиссарияттың еншісінде.
Жастардың әскер қатарына баруына кері әсер тигізетін тағы бір фактор – қоғамдағы болып жатқан түрлі әрекеттер. Бұлар да үлкен рол ойнайды. Сананы тұрмыс билеген кезеңде көбіне материалдық жағдай бәрінен басым тұрады. Қазіргі уақытта өзінің болашағын ойлаған азаматтар көбіне-көп материалдық жағын бірінші кезекке қояды. Әскер қатарына баруда ынта-ықыластың азайуына мұның да әсере аз емес.
–Қанша Ұлытаулық азамат биыл әскерге аттанды?
– Бұл сұраққа қазір нақтылы жауап бере алмаймын. Өйткені, қызметке жаңадан келіп жатырмын. Ақпараттарға әлі толық қаныға қойғаным жоқ. Бірақ, әскерге шақыру кезеңдерінде облыстың әр аймағынан бірнеше ондаған жастар әскерге алынып, қазір абыройлы қызмет етіп жатқанынан хабардармын.
– Әскери борышын өтіп жүрген жерлестерімізге қатысты орын алған келеңсіз жағдайлар кездесті ме?
– Ондай жағымсыз жайлар ести қойған жоқпын. Керісінше, әскери бөлімшелерден біздің басқармаға, ата-аналарға Алғыс хаттар келіп жатады дейді. Бұл жақсы көрсеткіш. Жастарымыздың бойында патриоттық сезім жоғары екенін білдіреді бұл.
– Жалпы қазіргі қоғамда қазақстандық патриотизмнің көрінісін қалай көрсетіп жүрміз?
– Мына міселенің басын ашып алайық.Патроитизм тек әскерилерге ғана тән деген қате түсінік. Кез келген адамның бойында елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілік болуы керек. Ол мұғалім, шахтер, заңгер тіпті есепші де болуы мүмкін. Кез келген адам елінің, жерінің дамуына, өсіп өркендеуіне күш жігерін, бойындағы барлық қабілетін жұмсауы тиіс. Сөйтіп ол сол үлесі арқылы өз елін өзге мемлекеттерге таныта білу, көк байрағын желбірету. Патриотизімнің түсінігі осы. Ұлтыңды, тіліңді сүйу, оны ісіңмен дәлелдей білу. Барлық саладағы ммандық иелері өзінің ойындағы күш-жігерін, білімі мен білігін, тәжірибесін қоғамда көрсетуі қажет.
Ал енді әскерилерге қатысты айтар болсам, әр азамат өзінің отан алдындағы әскери борышына адал болып, сол жолда жанымен де тәніменде қызымет етуі тиіс. Әскери формасы мен лауазымына кір келтірмей, адал да абыройлы болғаны жөн. Ардагерлеріміз жастармен жиі жүздесіп, ел қорғаған, жер қорғаған батыр балаларымыз жайлы әңгімелер айтып, әскери қызыметтің маңыздылығын жастардың санасына сіңруге ықпал етуі керек.Жүректен жүрекке жеткен әңгіменің ғана берері мол болады. Бұл орайдан келгенде әскер ардагер ағаларымыз қолдарынан келгенше жұмыс жасап жатыр.
– Ұраншылдықты қойып, шынайы патриоттық, Отансүйгіштік сезімді қалай қалыптастырамыз?
– Патриоттық тәрбиенің қайнар бұлағы – бұқаралық ақпарат құралы, газет-журналымыз. Қазір жастар мерзімді баспасөз бен кітап оқымайды. Естері теледидар мен интернетке ауған. Елімізге әлеуметтік жарнама керек-ақ. Өкінішке қарай, ол да бізде қолға алынбаған мәселенің бірі. Патриоттық тәрбиені мемлекет міндет етіп қоюы қажет сияқты. Бүгінде адами капитал ақсап, ақша алға шықты. Қарап тұрсаңыз, қазақ қазақпын деп емес, астындағы қымбат көлігімен, зіулім үйімен мақтанатын болды. Керісінше, әрбір қазақтың үйінде жалауша ілініп тұрса, онда тұрған әбестік болмас еді. Күн мен алтын қыран элементтері әр шаңырақтың айнымас серігіне айналса, құба-құп емес пе? Әр үйде шет елдің қымбат жылтыраққары емес өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз – қамшы, домбыра, қалқан мын қылыш ілініп тұрса төрде. Осындай болмашы дүниенің өзі балаңыздың бойында ұлттық патриотизім құндылықтарын оятады.
– «Баланың бойында» деп қалдыңыз ғой. Ққалай ойлайсыз, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруды қанша жастан бастап қолға алу керек?
– «Ел боламын десең – бесігіңді түзе», «Отан – отбасынан басталады» дейді атам қазақ. Ендеше, отбасында бала дүниеге келгеннен бастап патриоттық тәрбие беріле бастауы керек. Одан соң балабақша, мектептерде елжандылыққа, Отансүйгіштікке арналған іс-шара, жобалар бар. Кейде жасөспірімдер әскерге барудан жалтарып жатады. Маман ретінде ұстаздармен кездескенде «балаларды патриоттық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеуге міндеттісіздер» деп айтып жатамыз. Себебі, олардың әскерге деген қызығушылығы орта мектептегі ұстаздарына да байланысты.
Мектептен тыс Жастар ресурстық орталықтарында да жүйелі жұмыстар көрініс тауып жатса, нұр үстіне нұр. Патриоттық тәрбие алдымен үлкенді сыйлаудан басталады. Ол дегеніміз – ата-ананы құрметтеу, тарихты білу, ата-бабаның ұрпаққа аманат етіп кеткен жерін қорғау.
Қазір қоғамның қай мүшесі де әлеуметтік желіге жегілген. Оның арасында балалар мен жастардың ара-салмағы тіптен жоғары. Сол желідегі ақпараттардың дені бұрмалаушылыққа ұшырап жатады. Сондай жалған ақпараттарға ермей, өзіміздің төл тарихымызды құрметтеп, еліміз бен жеріміздің болашағына жанымыз ашуы қажет. Оған әрине, алдымен отбасындағы ата-ананың әсері маңызды рөл атқармақ. Өйткені баланың ет жақыны ата-ана болғандықтан өнегелі әңгімелер жанұядағы дастарқан басында айтылса, бұдан ұтпасақ, ұтылмасымыз сөзсіз.
– Соңғы сауал. Қазір әскери оқу орындарына шақыру жүріп жатыр. Жастарымызға әскери мамандық иесі атану үшін қандай кеңес берер едіңіз?
– Қазір әскери оқуға келіп жатқан жастарымыздаң қатары артып келеді. Бұл қуанарлық жағдай. Өзінің болашақ өмірін әскери саламен байланыстырғысы келетін осындай ынталы жастарға айтарым, ең бірінші, мектептегі оқудың соңғы жылдарын жақсы оқып, жақсы бағамен қорытындылауы керек. Екіншіден, оған денсаулық жағынан жарамды болуы, спорттың түрлерінен хабардар болғаны жөн.Ал, оқуға түскен азаматтардың мүмкіндігі зор. Оқу, тұру, киім, мүлік тегін. 4 мезгіл тамақпен мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Оқу бітіргесін де жұмыспен, тұрғын жаймен мәселе болмайды. Басқа да медициналық жеңілдіктер қарастырылған. Ипотекамен үй алу, пәтерақысын төлеу секілді пакеттермен қамтылады. 47 жаста зейнетке шығады. Сондықтан әскери оқу орындарына бару ойында жүрген жастар бұған бел буа кіріскендері абзал. Ештеңеден кенде болмайды.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Ізтай Белгібайұлы.