​«Қауіпсіз қала» акциясы

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ және Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен «Қауіпсіз қала» акциясы ұйымдастырылды.Іс-шараға жауапты мекеме қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Қауіпсіз қала» акциясының мақсаты –аулалардың жарықтандырылуы, үй жағдайында газ баллондарының дұрыс орналасуы, қозғалыс(мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолы), су айдындарындағы қауіпсіздік және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына рейд жұмыстарын жүргізу.

Айта кету керек, жақында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ менҰлытау облыстықТөтенше жағдайлар департаментіөзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы меморандум аясында өзара профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталғанкелісімге келулеріне байланысты осы аталған акция ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары акция барысында Сейфуллин, Абай, Гагарин, Мәметова және Гоголь көшелерінде көрген проблемаларды шешу бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар берілетінін жеткізді.

Жезқазған – қауіпсіз қала болуы үшін әркім өзіне жүктелген міндеттемелерін сапалы және уақытылы орындап жүрсе, соның өзіжеткілікті болар еді!

Еркебұлан Егінбайұлы.

ОМТ

14:00
62

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020