2020 жылдан бастап қазақстандықтардың өміріне енген жаңашылдықтың бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Әуеліде оны жатсынған халықтың құлағы бүгінде үйреніскендей. Дегенмен, әлі де болсын, көптің көңілінде күдік басым. Қоғамда ауық-ауық «МӘМС-тің керегі жоқ. Заңның күшін жою керек»деген пікір көтеріледі. «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» демекші бұл пікірдің қаншалықты орынды екенін білмек мақсатта Жаңаарқа аудандық көпбейінді ауруханасының директоры Нұрхат Аукешовты әңгімеге тартып, жүйенің артықшылығы мен кемшін тұстарын бірге іздеп көрдік.
–Нұрхат Қапбасұлы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу не үшін қажет болды?
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау жүйесін дамытуға серпін берген тамаша мүмкіндік. Өздеріңізге белгілі елімізде медицина саласы білім, мәдениетжәне спорт секторы сияқты мемлекеттіңқолдауында болды, яғни мемлекеттік қазынадан қаржыландырылды. Осы орайда медицина саласын дамыту, түрлі заманауи қондырғылар мен аппараттар сатып алу, дәрігерлердің біліктілігін арттырып, емханалар тұрғызу, ақ халаттылар мен басқа да қызметкерлердің жалақысын көтерумүмкін емесі анық. Сондықтан, халықты сапалы әрі қолжетімді медицинамен қамту үшін МӘМС жүйесі дер кезінде қабылданған шешім деп білемін. Бүгінде отандық медицина бюджетке түсетін салмақты азайтып қана қоймай, өркендеп, даму жолында қарышты қадам жасауда.
Жүйені енгізудегі тағы бір себеп – ел азаматтарының денсаулыққа жұмсайтын қаржысын азайту. Иә! Иә! Бұған дейін азаматтардың денсаулығына өз қалтасынан шығаратын шығыны аз емес-тін. Нақтырақ айтсақ, сарапшылардың айтуынша, бүгінде денсаулық сақтауға бөлінетін қаржының 37,5 пайызы тұрғындардың жеке қалтасынан екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл көрсеткішті 20 пайыздан асырмауды ұсынды. Осы ретте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу ең дұрыс шешім болды.
Сонымен қатар осы жүйенің арқасында жауапкершілік мемлекет пен тұрғындар және жұмыс беруші арасында теңдей бөлінді. Жүйенің ендігі бір жақсылығы, қалтасынан жарна аударып отырғаннан кейін жұмыс берушілер де, жұмыскерлер де өз тараптарынан денсаулық сақтау жүйесіне қоятын талаптарын күшейтті. Бұл өте жақсы нәрсе. Себебі, сұраныс бар жерде даму бар. Ертеректе мемлекет тарапынан қаржыландырылған емханалар қазір жеке меншік клиникалармен иық тіресіп, пациентке сапалы қызмет көрсетуге барын салуда. Олай болмаған жағдайда тұтынушыдан айрылып қалады. Медицина мекемелеріне пациенттен айрылудың қаншалықты пайдасыздығын айтып жатудың өзі артық. Бүгінде әр емделушіге жіті назар аудара бастаған медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестіктің арқасында медициналық қызмет жаңа деңгейге көтерілу үстінде.Сондықтан, медициналық сақтандыруға көшудің еліміз үшін маңызы зор деп бағалаймын.
–Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгелі бері не өзгереді?
–Айтарлықтай өзгеріс болды. Біріншіден, медицина саласын қаржыландыру көлемі айтарлықтай артты. Соның есебінен сақтандыру медицинасы азаматтарға тапқан табысына, ол үшін аударылған жарна көлеміне қарамастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік берді. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагностикалық-консультациялық көмек те, медбике күтімі мен паллиативтік көмек те бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы кез келген азамат Қазақстан аумағында өзі таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек ала алады. Бастысы мекеме Қордың жеткізушісі болуы шарт. Бүгінде Жаңаарқа ауданында тұрып, Қарағанды немесе Астана қалаларында КТ, МРТ-ға түсетін, жоспарлы түрде ота жасатып жүргендер көп. Бұл жағдайда, емхананың шығындарын пациент емес толығымен Қор өтейді.
Тағы да айта кетерлігі, әлеуметтікмедициналықсақтандыружүйесінекөшкеліберіересектер мен 18 жасқадейінгібалаларғаберілетінтегіндәрі-дәрмектіңтізіміедәуіркеңейді. БүгіндеМӘМС жүйесінде 79 ауру тобыбойыншадәрі-дәрмектің 265 атауытегінберіледі. Соныңішіндеинфекциялық, паразиттік, жүйкежүйесі, көру, тынысалуоргандарыаурулары да бар. Дене қызуынтүсіретін, қабынуғақарсыпрепараттар мен антибиотиктерді де тегіналуғаболады.Олүшінпациент өзініңучаскелікдәрігерінебаруы керек. Учаскелікдәрігернауқастыңденсаулығынтексеріп, қажетболғанжағдайдадәрі-дәрмекалуға рецепт жазыпбереді. Пациент емхананыңдәріханасынабарып, жекекуәлігі мен рецептікөрсетіп, дәрінітегіналуғақұқылы.
Жыл басынан есепке алынған және түрлі дертке шалдыққан 12 969 жаңаарқалыққа тегін дәрі-дәрмек сатып алынды. Оның ішінде көбінің қалтасы көтере бермейтін дәрілік заттар да бар. Мысалы, бір жерлесіміз МӘМС есебінен псориаз және псориаздық артритке қарсы құтысы1 млн теңге тұратын аса қымбат «Стелара»мен қамтамасыз етілді. Тегіндәрі-дәрмектіңтізбесіментолығырақденсаулықсақтауМинистрлігінің № 75 бұйрығынантанысуғаболады.
–Ауылдағы ағайынның ахуалы қалай? Олар медициналық қызметтерден қағылып жатқан жоқ па?
–Орынды сұрақ. Бүгінде көптің көкейінде жүрген мәселені көтердіңіз. Сақтандырылған мәртебесі жоқ азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне ие. Оған жедел және шұғыл көмек, медициналық-санитарлық алғашқы көмек, ауруды бақылау, санитарлық авиация, жедел стационарлық көмек, паллиативті көмек сынды қызметтер кіреді. Бұған қоса, әлеуметтік маңызы бар ауруларға, созылмалы дертке консультативтік-диагностика, амбулаторлық жағдайда дәрі-дәрмекпен қамту, жоспарлы және стационарлық көмек, сонымен қатар, туберкулезге қарсы медициналық реабилитация жасау кіреді. Сондықтан, ауыл тұрғындары қамқорлықсыз қалды деуге болмас.
Ауылды жерлерде тұратын халықты бастапқы медициналық диагностикамен қамтамасыз ету үшін жыл сайын Қордан қомақты қаржы қарастырылады. Кеңес беру, мамандандырылған медициналық көмек, диагностикалық зерттеулер көрсетуге мүмкіндік беретін жылжымалы медициналық кешеннің қызметі әр тұрғынға сақтандырылған мәртебесі бар-жоғына қарамастан қолжетімді әрі тегін. Өйткені, дәрігерлердің қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде жүргізіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалының Жаңаарқа аудандық көпбейінді орталық ауруханасымен жасаған келісім-шарты негізінде 2023 жылы жылжымалы медициналық кешеннің жұмысына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырупакеті бойынша 37 млн теңге, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 9 млн теңге қарастырылған.
2022 жылдың күзінен бастап Қазақстанда міндетті профилактикалық тексерулердің қатарына ауыл тұрғындарының скринингі кірді. Енді ауыл тұрғындары 18 жастан бастап скринингтен өтеді, ертеректе бұл тексерулер 30 жастан басталатын. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына арналған скринингтік тексерулердің қатары асқазан-ішек жолдары мен простата безінің ауруларын анықтаумен толыққанын айта кету керек. 2023 жылы Жаңаарқа ауданында ауыл тұрғындарының профилактикалық тексерулерін қаржыландыруға медициналық сақтандыру қорынан 55 млн.теңгеден астам қаражат қарастырылып, бүгінде оның 33 млн теңгесі игерілді. Тексерудің нәтижесінде сүт безі обыры күдігімен 63, тоқ ішек ісігімен 60, жатыр мойны обырымен 68, қуықасты безінің қабынуымен 27, қант диабетімен 63, қан айналымы жүйесі ауруларымен 109 науқас анықталып, есепке алынды.
–Қазір медициналық қызметтер қолжетімді болғанын көріп отырмыз. Медициналық қызметтердің сапасы… Осы межені орындай алдыңыздар ма?
– Әрине, сапа жағынан да айтарлықтай оң өзгерістер бар. Біріншіден, жоғарыда айтып өткенімдей медициналық мекемелер арасында бәсекелестік орта қалыптасты. Екіншіден, Қор көрсетілген қызметтердің сапасын тексереді және қызмет ақысы тиісті мониторингтен кейін ғана төленеді. Мониторинг барысында стандарттар мен нормативтерден ауытқу сынды ақаулар анықталса емдеу мекемелеріне айыппұл салынады, көрсетілген қызмет сомасы толығымен немесе оның белгілі бір бөлігі Қорға қайтарылады.Сондықтан, сапасыз ем көрсету кімге болсын тиімсіз...
–Сіз басшылық ететін аудандық көпбейінді ауруханада қандай жаңашылдықтар бар?
–Жаңаарқа аудандық көпсалалы ауруханасына медициналық сақтандыру Қорынан бөлінген қаржы соңғы бір жылда екі есеге, нақтырақ айтқанда 900 млн теңгеден 1 млрд 900 млн теңгеге артты. Бүгінде ауруханаға 29 мыңға жуық тұрғынтіркелген. Қазір ауылдағы ағайынның алысқа бармай-ақ денсаулығын дұрыстауға түрлі аурулардың алдын алуға бар жағдай жасалған. Келесі жылы ауданаралық аурухана мәртебесін алып, Ұлытау облысының ғана емес сонымен бірге Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының тұрғындарына да медициналық қызмет көрсетуді жоспарлап отырған аурухана қазірдің өзінде соңғы үлгідегі КТ, УДЗ, бейнелі фиброгастродуоденоскопия, колоноскопия, автоматтықан анализаторымен жабдықталған. Бір ай бұрын өз қаржымыздың есебінен құны 3.5 млн теңге тұратын тамыр детекторын сатып алдық. Аталған аппарат науқастыңтерітамырларыныңанықкескініндәлкөрсетеді. Ол – әмбебап. Оны аурухана ішінде ғана емес, сондай-ақ шақыртуларға алып, пайдалануға болады. Сонымен бірге қаржыландырудың артуы есебінен аурухананың қордаланған 300 млн теңге көлеміндегі кредиторлық қарызынан құтылып, 10 жылда алғаш рет барша қызметкерлермен жұмыскерлерге сыйақы беруді жоспарладық. Жылдың соңына дейін аурухана республикалық бюджет есебінен соңғы үлгідегі 13 медициналық қондырғымен жабдықталады.
2024 жылы аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа бөлімшелер ашылмақ. Сонымен бірге, ересектер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашу көзделіп отыр.
–Уақыт тауып, сұрақтарымызға нақты жауап бергеніңізге алғыс білдіре отырып, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толайым табыс тілейміз.
Диана ОРАЗАЛИНА