Ұсақ бұзақылық — бұл қоғамдық орындарда балағат сөйлеу, азаматтарды қорлау, сондай-ақ басқа біреудің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы қоғамға деген айқын құрметсіздікті білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзу.Бұл құқық бұзушының мәдениетініңтөмендігін, оның өзімшілдігін, қоғамның, басқа адамдардың, оның айналасындағы адамдардың мүдделеріне немқұрайлы қарауды, әдептілік ережелерін елемеуді көрсетеді.Ұсақ бұзақылықтың ең көп таралған түрібалағат сөздерболып табылады, ол 50 пайыздан астамды құрайды.Адамның адамды балағаттап, құрметтемеуі барлық кезде қоғамдық адамгершілікті, ұялшақтық сезімін бұзады, төбелес пен басқа да қоғамға қарсы көріністердің пайда болуына қолайлы жағдай туғызады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі — ӘҚБтК) Ерекше бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілерін қамтитын іс-әрекет жасау әкімшілік жауапкершіліктің негіздемесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ӘҚБтК-cі бойынша жауаптылыққа жатады.
ӘҚБтК-нің«Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар» 25-тарауында 434-бап көзделген, онда ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделген.
Мұндай құқық бұзушылықтар көбінесе қоғамдық орындарда, балағат сөздер айтумен мас күйінде орын алады.
Сонымен қатар, ӘҚБтК 434-бабында айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін де жауапкершілік көзделген.
Айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер деп қоғамда жалпы қабылданған адамгершілік пен мораль нормаларына немқұрайлықпен қарайтын әрекеттерді түсіну керек.
Мысалы, тиісуге байланысты саралау белгісі ӘҚБтК-нің 434-бабынан басқа ӘҚБтК-нің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер», 73-бабында және ӘҚБтК-нің «Қоғамдық орындарда тиісу» 449-бабында қамтылған.
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының санкциясы жауапкершілікті көздейді және жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 69 000 теңге сомасында айыппұл салуға не болмаса бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сондай-ақ, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер он бес тәуліктен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Бұл ретте, ӘҚБтК-нің 50-бабына сәйкес, егер құқық бұзушы жүктi әйел және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйел, он сегiз жасқа толмаған адам,
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адам, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйел, алпыс үш жастан асқан еркек және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек болса, онда ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алу түріндегі жазадан айыппұл салумен босатылуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 74 істі қарадыОның ішінде 69 адам айыппұл немесе әкімшілік қамақ түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 адамға қатысты істер әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауға шақырамыз.Қоғамда өмір сүру ережелерін сақтап, өзінің мінез-құлқына, іс-әрекеттеріне жауап берудің қажеттілігі мен маңыздылығына назар аударып, азаматтық парызды, адамгершілік ережелерін және қоғамда бейбіт өмір сүруді басшылыққа алу қажет.
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының әкімшісі
А.Б.Нугербекова