Адамның тағдыры – ойыншық емес. Әсіресе көлікте отырған жолаушының тағдыры алаңдатады. Десек те мұны көлік жүргізетін жүргізушілер елер емес. Әйтпесе жол апаты болмас еді. Тас жолдың бойында адамның тағдыры үзілмес еді. Ұлытау облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек облыс бойынша жыл басынан бері 47 жол-көлік апаты болған. Соның салдарынан 50 адам жарақат алып, 20 адам көз жұмды.

Жол апаттарының орын алуына тағы бір себеп: автомобиль жолдарының сапасыздығы. Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу келер жылы басталады. Алыдмен Жезқазған-Қызылорда кейін Жезқазған-Қарағанды күре жолдары жаңарады. Дегенмен, тәртіп сақшылары көлік тізгінінде өте сақ болуды және жылдамдықты асырмауды ескертеді. Тұрғындарға құлаққағыс: заңнамаға сәйкес 1 желтоқсаннан бастап қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын тізгіндеген жүргізушілер айыппұл арқалайды.