Ұлытау облысының бас шыршасы «Алғашқы құрылысшылар» алаңында жағылды. Мерекелік кешке жиналған жерлестердің қарасы қалың болды.
Ең алдымен сахнаға Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның артистерішығып, әсем әндершырқады.Кейін түрлі ертегі кейіпкерлерін сомдаған әртістер сахналық қойылым қойып, жиналған қауымның назарын өздеріне аударып алды. Одан әрі ертегі кейіпкерлерімен бірге қала тұрғындары қосылып, Аяз ата мен Ақшақарды шақырып алып, әртістер көріністі жалғастырды.
Мерекелік шара облыс әкімінің құттықтауымен жалғасын тапты.
— Құрметті жерлестер, қала қонақтары! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. 2023 жылды шығарып салып жатырмыз, бұл жыл бізге жақсы жыл болды. Түрлі мәселелер болғанмен, барлығы ретімен шешіліп жатыр. Облысымызға қарасты қалалар мен аудандар, ауылдардамуда. Күні кеше ғана Үкіметте Жезқазған қаласының бас жоспарын бекіттік,-деген аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы құттықтау тілегін жеткізіп, облыстың Бас шыршасын жақты.
Сәрсенбі күні кешкілік алдын ала әлеуметтік желілер арқылы құлақтанған қала тұрғындары мен қонақтары «Алғашқы құрылысшылар» алаңынан табылды.
Т.Қалмағамбетов атындағы филармония артистерінің орындауындағы тамаша әндер мен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма театры артистерінің ұсынған театрландырылған көрінісі көпшіліктің көңілінен шықты.
Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз. Ұлу жылы жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Басымызға бақыт, үйімізге арай, шаңыраққа шуақ, керегедей кеңдік, табалдырықтай беріктік, таусылмас бақ-береке келсін! Үміттеріңіз ақталып, аңсаған армандарыңызға жете беріңіздер! Өмірлеріңіздің естен кетпес жарқын сәттері молынан болсын!