​МӘМС туралы ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

Әйелдерге жүктілік кезінде болашақ сәбиінің дұрыс жетілуі үшін денсаулығын күтіп, дұрыс тамақтану, көңіл-күйінің қалыпта болуы — маңызды. Сонымен бірге, медициналық тексерулерден өтіп, дәрігердің бақылауында болуы шарт. Ендеше, бүгін жүкті әйелдер өтуі тиіс скринингтік тексерулер мен МӘМС мәртебесі туралы тереңірек сөз қозғасақ.
Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет алу үшін жүктіліктің он екі аптасына дейін өзі тіркелген емханаға медициналық есепке тұруға міндетті. Себебі, барлық генетикалық ауытқулар дәл осы кезеңде, 13 апта және алты күннен кешіктірілмей анықталады.
Бұл ультрадыбыстық және гормондарға веноздық қанның биохимиялық талдауынан тұратын 12 аптада өткізілетін бірінші скрининг — ұрықта Даун синдромы сияқты тұқым қуалайтын патологиялардың дамуының генетикалық қаупін бағалау үшін жасалады. Сондай-ақ, есепке тұру кезінде жүкті әйел барлық тексеруден өтеді. Олар: жалпы зәр талдауы, жүкті әйелдер үшін қан тобы міндетті, мерез жұкпасына, АИТВ, В және С гепатиті инфекцияларына қан талдауы алынады. Осы талдаулардың кез келгеніне оң нәтиже болған жағдайда, дәрігердің кеңесі қажет. Процестің кезеңін нақтылау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет болуы мүмкін. 16 аптада – әйел тексеруге тағы келеді.
Жүкті әйел екінші скринингті жүктіліктің 19-20 аптасында өтуі тиіс. Осы кезеңде ұрықтың даму ақаулары анықталады, мысалы, жүрек ауруы, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолдары, өкінішке орай, өмірге сәйкес келмейтін ақаулар бар. Келесі бақылау 24-25 аптада. Осылайша, айына бір рет әйел адам тексерілуге келеді. 34 аптадан кейін ұрықтың жағдайын жүрек соғысының сипаты бойынша бағалаудың заманауи әдісі КТГ жасалады. 30 аптадан кейін әйелдер үшінші скринингке баруға тиіс.
Еске сала кетейік, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер қымбат диагностикалық зерттеулер мен тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы. Себебі, олар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жеңілдік берілген санатына кіреді. Жұмыссыз жүкті әйелдер үшін сақтандыру қорына жарнаны ай сайын мемлекет аударады.
Ал еңбек етіп жүрген жүкті әйелдерге сақтандыру жарнасын жұмыс беруші төлейді. Тек декреттік демалысқа шыққан соң ғана медициналық қызмет ақысы мемлекет қарауына өтеді.
Мемлекет табысы жоқ әйелдерге тек босанғанға дейін ғана емес, одан кейін де қамқорлық жасайды – бала туылғаннан кейін «Үш жасқа толғанға дейін балаға (балаларға) күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар» санатында сақтандырылудың жеңілдікті мәртебесін алуға құқық береді. Жеңілдікті санат бойынша сақтандыруды алып, әйел МӘМС тізбесіне кіретін барлық медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.
Егер қандай да бір медициналық ұйым болашақ аналарға қызмет көрсетуден бас тартса, онда олар әр емхана жқмыс жасайтын пациенттерді қолдау орталығына немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына 1414 байланыс нөмірі арқылы хабарласып, шағымдана алады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлытау облыстық
филиалының баспасөз қызметі
14:29
39

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020