​109 БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

МӘМС сұрақтары бойынша кеңес береді
Бүгін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалының директоры Алия Байтокова мен “109 бірыңғай байланыс орталығы" жобасының тапсырыс берушісі "Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ басшысының м.а. Ғабиден Дүкембаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның басты мақсаты – Ұлытау облысы тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
2022 жылдың қарашасында іске қосылған 109 бірыңғай байланыс орталығының мамандары тәулігіне 24 сағат бойы облыс тұрғындарының өтініш пен шағымдарын қабылдайды. Жыл басынан оларға медицина саласына байланысты 60-тан аса қоңырау түскен. Барлық шағымдар дер кезінде қаралып, қанағаттанарлық жауап берілген.
Алдағы күні Алима Қонарбаева бастаған операторлар МӘМС жүйесінде сақтандырылудың жолдары, мәртебені тексеру, артық және қате төленген МӘМС жарналарын қайтару, жеңілдік санатына енгендер туралы кеңінен ақпарат беретін болады.
01:16
1391

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020