2022 жылдың 4 мамыры Ұлытау облысының туған күні ретінде ел тарихына таңбаланды. Мейлі, мұнысына да шүкір. Іргесі құтты, шаңырағы биік, керегесі кең болсын! Керегесі кең болса да терезесі тең бола алмады.
Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген. Жарлық 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жуырда біз Көңілбай бауырымызға телефон шалып, аймақтық «Saryarqa» газетінің оқырмандарына өзінің жобалары, алдағы жоспарлары жайлы әңгімелеп беруін өтінген едік.
Осыдан тұп тура 85 жыл бұрын яғни, 1937 жылдың 22 сәуірі күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданын, Сұлутөбе ауылында отырған Ділдебай палуанның үйінде бір ұл дүниеге келді.
15 сәуір – Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні. Елімізде ғашықтардың төл мерекесі саналатын бұл күнді айрықша тосатын жұптардың бірі – Руслан ТӨЛЕН мен Гүлім ҚАРАТАҒАНОВА.
Пәтер иелері кооперативінің жұмысы 1 шілдеден бастап тоқтайды. Сол себепті жезқазғандықтар көппәтерлі тұрғын-үйлердің басқару түрін меншік иелері бірлестігіне немесе жай серіктестікке ауыстыру қажет.
Ұлытау облысы құрылады деп өңір жұртшылығының қуанышында шек жоқ. Баяғы қырық тоғыз жыл бұрынғы жағдайды еске алып жатқандар да бар. Рас Жезқазған облысы құрылғанда өңіріміздің дамуына оң серпіліс әкелді.
Оқырмандарымызға салиқалы сөз, парасатты пікір жеткізу мақсатында аймағымыздың атын алашқа әйгі еткен азаматымыздың бірі, облыстық және орталық органдардың басшылары қатарында болған Мұқамбет Жұманазарұлы КӨПЕЕВ ағамызды әңгімеге тарттық.
«Бала дауысы» жетінші маусымы! 1 сәуірден бастап Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының жетінші маусымы басталады. Конкурс ұйымдастырушылары еліміздегі дарынды балақайлармен жаңа кездесулерді асыға күтуде!