Өңірлік палатаның бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Ғалымжан Сүтбаев пен Ұлытау облысының көлік прокуроры Мәлік Давлетов облыста кәсіпкерлікті қолдау бойынша атқарылуы тиіс бірлескен жұмысты талқылады.
Мысты шаһардағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6020 бірлікке жеткен. Яғни, жеке кәсіппен 14,4 мың адам айналысады. Бұл – жұмысқа белсенді жезқазғандықтар үлесінің 32 пайызының жеке кәсібі бар деген сөз.